СІМ Оңтүстік Кореяға жұмысқа баратындарға ескерту жасады

21 Қазан 2019, 17:23
4763
Бөлісу:
СІМ Оңтүстік Кореяға жұмысқа баратындарға ескерту жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяға заңсыз жұмысқа баратын қазақстандықтардың жағдайы туралы баяндады.

"Өткен аптада қазақстандық телеарналардың бірінен қазақстандық әйелдің аллергиясын емдеу мақсатында Оңтүстік Кореяға барғаны жөнінде сюжет көрсетілді. Ол әйелді бұл мемлекет кіргізбей қойған. Кореяға ол заңсыз жұмыс істеуге келген. Осылайша, адамдарды алдаған. Бұл елге емделу үшін келгенімен әйел жұмысқа орналастыру агенттігіне хабарласқан", - деді Смадияров.

Оның сөзінше, әйел әуежайда тамақ алуға ақша төлей алмаған, мұның себебін "теңге қабылдамайды" деп түсіндірген. 

"Сол себепті шетелге шықпас бұрын жергілікті немесе халықаралық валютаны алу керек. Баратын еліңіздің заңы мен ережесін оқып, танысу қажет. Басыңа түскен қиындық үшін барлығын кінәлеудің қажеті жоқ", - деді ол.

СІМ ресми өкілі Оңтүстік Кореяға визасыз 30 күнге бару жұмыс істей беруге болады дегенді білдірмейтінін, заңсыз жұмыс істеуге жіберіп жатқандардың лицензиясы жоқ екенін айта кетті. 

"Қазақстан Республикасы азаматтарының Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істеуі заңмен қарастырылмаған. Қазіргі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстан үкіметі Оңтүстік Корея үкіметімен Қазақстан азаматтарын балық және ауыл шаруашылығы саласында маусымдық жұмыстарға тарту мүмкіндігін беру мәселесін қарап жатыр. Қалғаны Қазақстан мен Оңтүстік Корея заңын бұзу болып саналады", - деп сөзін түйіндеді ол.

Өзгелердің жаңалығы