СІМ өкілі: Ауғанстандағы қазақтардың қазақ тілін білуі ескеріледі

18 Тамыз 2021, 18:31
2392
Бөлісу:
СІМ өкілі: Ауғанстандағы қазақтардың қазақ тілін білуі ескеріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ауған мәселесіне қатысты өткізілген баспасөз брифингі барысында айтты.

Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың СІМ-ге олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қажет болса, тарихи Отанына қайтару бойынша барынша көмек көрсетуді тапсырғанын алға тартты.

Өз кезегінде Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігіне осы мәселені ерекше бақылауға алуды да тапсырыпты. 

Алайда көмек сұраушылар өздерінің этникалық қазақ екендігін дәлелдеулері шарт.

Олар өздерінің этникалық қазақ екендіктерін дәлелдеулері тиіс. Елшілікте арнайы комиссия бар. Сол комиссияның шешімімен ғана ол өзінің этникалық қазақ екендігін дәлелдей алады. Ру-тайпалық байланыстары, ата-бабасының ауған жеріне қалай барғандығы, қазақ тілін білуі ескеріледі, - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Еске сала кетейік, бұған дейін жарты сағат Алматыға Ауғанстаннан ұшақ келіп қонғандығы және Ауғанстандағы қазақтарға барынша көмек көрсетілетіндігі туралы жазған болатынбыз. Сондай-ақ, кейінгі уақытта өздерін «ауған қазақтарымыз» дейтіндер көбейген.

Өзгелердің жаңалығы