СІМ Германиядағы қазақ диаспорасы жіберген гуманитарлық көмекке қатысты түсінік берді

31 Шілде 2020, 14:03
1993
Бөлісу:
СІМ Германиядағы қазақ диаспорасы жіберген гуманитарлық көмекке қатысты түсінік берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда Германия мен Қазақстан арасында тікелей тұрақты әуе қатынасы болмағандықтан, барлық гуманитарлық көмек «репатриациялық» чартерлік рейстермен Майндағы Франкфурт қаласынан жеткізіледі деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Біздің қазақ диаспоралары мен отандастарымыз тарапынан Германияның түрлі қалаларында, соның ішінде Мюнхенде орналасқан Қазақстанның дипломатиялық миссияларына ұсынылған барлық гуманитарлық жүк Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласында орналасқан Бас консулдығында жинақталып, содан кейін ғана бір үлкен партиямен елге жолданады. Сонымен қатар, құрамында дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтар бар жүктердің тиісті сертификациялық құжаттары болуы қажет. Бұл - Германияның да, Қазақстанның да кедендік қызметтерінің талаптары, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ҚР Франкфурттағы Бас консулы Ермұхамбет Қоныспаев қазақ диаспорасының өкілдері – European Kazakh Forum бірлестігі мүшелерімен байланыста. Олар бірлестік жинақтаған гуманитарлық көмекті әрі қарай Қазақстанға жолдау үшін тікелей Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласында орналасқан Бас консулдығына жеткізу бойынша өзара уағдаластыққа қол жеткізді.

Тамыз айының ортасында гуманитарлық көмектің келесі партиясын жолдау жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы