СІМ-де Моңғолия елшісімен кездесу өтті

3 Қараша 2021, 18:50
661
Бөлісу:
СІМ-де Моңғолия елшісімен кездесу өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Моңғолияның Қазақстандағы елшісі Дорж Баярхуумен кездесіп, оның сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, БҰҰ, АӨСШК және т.б. сияқты өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылын талқылады. Тараптар екі елдің сауда-экономикалық қатынастарының оң динамикасын атап өтті.

Д.Баярху Қазақстан тарапына АӨСШК-ке мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 6-отырысын және Моңғолия Сыртқы істер министрі Батмунх Батцэцэгтің 2021 жылғы 11-14 қазанда Қазақстанға ресми сапарын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.

Өзгелердің жаңалығы