СІМ-де инвестициялар мәселелері талқыланды

28 Қаңтар 2021, 19:35
1337
Бөлісу:
СІМ-де инвестициялар мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасы Президентінің Экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сума Чакрабартимен кездесті.

Кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестицияларды басқару жүйесін реформалау, атап айтқанда инвестициялық климатты жақсарту, инвесторлардың құқықтарын қорғау және шетелдік инвестицияларды тарту тетіктерін жетілдіру жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша пікір алмасылды. Сондай-ақ, Үкімет шешімдерін қабылдау талап етілетін инвесторлардың проблемалық мәселелері талқыланды.

С. Чакрабарти Қазақстанның азаматтық қоғамының қатысуымен ҚР СІМ жанындағы консультативтік-кеңесші органның жұмысын жоғары бағалап, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту туралы идеяларымен бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты тұрақты негізде жалғастыру туралы уағдаласты.

Өзгелердің жаңалығы