СІМ басшысы Қазақстанда дипломатиялық миссиясын аяқтаған шетелдік елшілерді қабылдады

4 Тамыз 2021, 17:15
4205
Бөлісу:
СІМ басшысы Қазақстанда дипломатиялық миссиясын аяқтаған шетелдік елшілерді қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Испания, Италия және Израиль елшілерімен бөлек кездесулер өткізді.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Испания Корольдігінің елшісі Давид Карриедомен кездесу барысында министр Мұхтар Тілеубердінің 5-6 шілдеде Мадридке жасаған ресми сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуына ерекше назар аударылды.

Германия Федеративтік Республикасының елшісі Тило Клиннермен жоғары деңгейдегі саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру жолдары талқыланды. 

Израиль мемлекетінің елшісі Лиат Вексельман кездесуде өңіраралық ынтымақтастық мәселелерін көтерді.

Соңында министр шетелдік дипломаттарға белсенді қызметі үшін алғыс хаттар табыстап, олардың алдағы жұмысына табыс тіледі.

Өзгелердің жаңалығы