СІМ басшысы БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен сөйлесті

20 Қаңтар 2021, 22:55
1397
Бөлісу:
СІМ басшысы БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Бас хатшысының азырақ дамыған және теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдер мен шағын арал дамушы мемлекеттері бойынша жоғары өкілі Фекитамоелоа Катоа Утойкаманумен телефон арқылы сөйлесті.

Сөйлесу барысында сұхбаттасушылар Қазақстан Республикасы мен БҰҰ-ның азырақ дамыған елдердің дамуына қолдау көрсету бойынша, соның ішінде еліміздің 2020-2021 жылдары Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдер (ТШЖДЕ) тобына жаһандық төрағалығы шеңберінде өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Ф.Утойкаману еліміздің осы топтағы төрағалығын жоғары бағалап, өткен жылы «Қазақстан ТШЖДЕ тобының беделін және халықаралық қауымдастықтың осындай азырақ дамыған елдер туралы жалпы хабардарлығын айтарлықтай арттыра білді» деп мәлімдеді және қазақстандық төрағалыққа барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Өз кезегінде Мұхтар Тілеуберді Қазақстан барлық тиісті алаңдарда аталмыш топтағы елдердің мүдделерін қорғауды және сүйемелдеуді одан әрі жалғастыратынын атап өтті және 2021 жылы төрағалықтың негізгі басымдықтарымен таныстырды.

COVID-19 осы азырақ дамыған елдердің тобына мүмкіндігінше көп әсер еткендігін ескере отырып, сұхбаттасушылар ТШЖДЕ елдерінің дамуы саласында нақты жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық серіктестер мен донорларды тартудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты, әлемдік нарықтардан алшақтықпен және транзиттік елдерге тәуелділікпен байланысты ТШЖДЕ проблемаларын еңсерудегі ілгерілеуді жеделдету үшін Жол картасын іске асыруға ерекше мән беріледі. Қазақстан төрағалығының бастамасымен 2020 жылдың қыркүйегінде қабылданған бұл құжат 2024 жылға дейінгі кезеңге арналған ТШЖДЕ қолдау бойынша жобаларды жүзеге асыруды жеделдету үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы