Бас жаңалықтар
СІМ араб елдерінің елшілерімен кездесті
27 Ақпан 2019, 11:26 351

СІМ араб елдерінің елшілерімен кездесті

Астана, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың Қазақстандағы Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Ирак, Катар, Кувейт, Ливан, Ливия, Марокко, Оман, Палестина, Сауд Арабиясы дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен жұмыс кездесуі өтті.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев араб әлемімен жан-жақты және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға айрықша маңыз береді, деп атап өтті Министр. Елшілер шетелдік инвестицияларды тарту және шетелге қазақстандық экспортты жылжыту саласында Сыртқы істер министрлігінің жаңа өкілеттіктерімен танысты. Б.Атамқұлов сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға, сондай-ақ энергетика, логистика, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға Қазақстанның мүдделілігін атап өтті.

Осы уақытқа дейін араб елдерінің көпшілігімен сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда өзара іс-қимылдың зор әлеуеті әлі күнге дейін толығымен пайдаланылмағаны атап өтілді.

Министр 2018 жылы Қазақстанның барлық 22 араб елімен жиынтық тауар айналымының көлемі 1 млрд АҚШ доллардан аспағанына, ал инвестициялардың жалпы көлемі бүгінде не бәрі 2,4 млрд АҚШ доллар болғанына назар аударды. Сонымен бірге қазіргі уақытта сомасы 9 млрд АҚШ доллары болатын бірлескен жобалар пыстықталуда екені атап өтілді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мақсатында көлік және логистика саласындағы проблемаларды шешуге, визалық режимді жеңілдету арқылы туристік әлеуетті дамыту қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Осыған байланысты, қазақстандық СІМ басшысы араб әріптестерін екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша белсенді іс-қимылға шақырды.

Сонымен қатар, Б.Атамқұлов үстіміздегі жылдың 1-2 наурызында Абу-Даби қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) Сыртқы істер министрлері Кеңесінің 46-шы отырысының жұмысына қатысуын растады. Ол күн тәртібінде біздің елдерімізге қатысты мәселелердің кең ауқымын енгізілгенін атап өтті. СІМ басшысы осы іс-шара аясында ИЫҰ-ға мүше елдер сыртқы істер ведомстволарының басшыларымен, соның ішінде араб министрлерімен кездесетінін айтты.

Загрузка...

Сізден жаңалық