Тоқаев Ливандағы қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

5 Тамыз 2020, 11:06
1579
Бөлісу:
Тоқаев Ливандағы қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейрутта болған жарылысқа қатысты ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің түсініктеме берді. 

Ливандағы Бейрут қаласының портында бірнеше қатты жарылыстар болды. Қалалық инфрақұрылымға зиян келтірілді, адам шығыны бар. Жарылыс туралы ақпарат алғаннан кейін біздің Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне Ливандағы қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Қазіргі уақытта Қазақстанның 113 азаматы Ливанда консулдық есепте тұр. Біздің дипломаттар олармен байланыста, қазақстандықтардың арасында зардап шеккендер жоқ. Өздеріңіз білетіндей, дипломатиялық миссия кеңсесіне де зиян тиген болатын, ол алдағы уақытта қалпына келтіріледі. Біздің қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері зардап шеккен жоқ, – дейді ҚР Сыртқы істер министрі.

Оның айтуынша, Ливанда БҰҰ бітімгершілік контингенті бар, оның құрамына 120 қазақстандық жауынгер кіреді. Қазір олардың ротация процесі жүріп жатыр және алдыңғы күні біздің қазақстандық бітімгерлер қызмет өтетін орындарына аман-есен жетті.
Өзгелердің жаңалығы