Өскемендік оқушы халықаралық олимпиададан күміс медаль еншіледі

25 Қыркүйек 2020, 16:27
1658
Бөлісу:
Өскемендік оқушы халықаралық олимпиададан күміс медаль еншіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның құрама командасы информатика бойынша халықаралық олимпиадаға (International Olympiad in Informatics – IOI 2020) қатысты. IOI 2020 нәтижелері бойынша Өскемен қаласы «Білім-инновация» мамандандырылған лицейінің түлегі Байболов Темірлан күміс медаль жеңіп алды.

Биыл жарысқа 80-нен астам елдің оқушылары қатысты. Қазақстандық команданың құрамына информатика пәні бойынша республикалық олимпиада және іріктеу турының нәтижелері бойынша жеңімпаз атанған 4 оқушы кірді, - делінген хабарламада.

Информатика бойынша халықаралық дода аясындағы интеллектуалды біріншілікте бүкіл әлемнің жас программистері жиналатынын айта кеткен жөн. 

Аталған олимпиада күллі әлем бойынша ақпараттық технологиялар саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылған.

Өзгелердің жаңалығы