Сиднейде вирусты жаппай жұқтыру тіркелді

18 Желтоқсан 2020, 02:57
1598
Бөлісу:
Сиднейде вирусты жаппай жұқтыру тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі апта бойына коронавирус тіркелмеген Австралияның ең ірі қаласы Сиднейде жаңа деректер пайда болды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Алғашында індет жұқтырудың екі дерегі расталған. Сөйтіп, кейіннен бірден 17 оқиға жайлы белгілі болды. Енді билік бұл індеттің қайта өршіп кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін деп алаңдаулы.

Айта кеткен жөн, осы Сидней қаласы орналасқан Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында вирустың таралуы бақылауға алынып, желтоқсанның басында шектеу шараларының көбі жеңілдетілген еді.

Өзгелердің жаңалығы