Си Цзиньпин қытайлықтарды тамақты үнемдеуге шақырды

11 Тамыз 2020, 18:28
1649
Бөлісу:
Си Цзиньпин қытайлықтарды тамақты үнемдеуге шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚХР Төрағасы азық-түлік қауіпсіздігіне саналы түрде қарау керек екенін айтты, деп хабарлады tass.ru.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин отандастарын азық-түлікті тұтыну мен ысырап ету мәселесінде ұстамдылық танытуға шақырды. 

Жылдан жылға көп мөлшерде астық қорын жинайтынымызға қарамастан, біз әлі де болса азық-түлік қауіпсіздігіне саналы түрде қарауымыз керек, - деп атап өтті Қытай басшысы.

Сонымен қатар, ол заңнамалық база мен қадағалауды күшейту, тиімді шаралар қабылдау, сондай-ақ азық-түліктің ысырабына қарсы тиімді күрес үшін ұзақ мерзімді тетік құру қажеттігін айтты. 

Халық арасында түсіндірме жұмыстары және ағарту жөніндегі шараларды нығайту, сондай-ақ қоғам ысырапшылдықты ұят деп санайтындай деңгейде сақтау әдетін арттыру қажет, - деп түсіндірді ҚХР Төрағасы.

Агенттіктің хабарлауынша, Си Цзиньпин бірнеше рет халықты азық-түлік тұтынуда үнемділікке шақырып, ысырапшылдыққа қарсы шыққан.

Өзгелердің жаңалығы