Си Цзиньпин қытай генералдарын соғысқа дайындалуға шақырды

1 Желтоқсан 2020, 14:22
22738
Бөлісу:
Си Цзиньпин қытай генералдарын соғысқа дайындалуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин елдің жоғары әскери басшылығына ішкі және сыртқы қауіпсіздіктің өсуіне байланысты жауынгерлік дайындықты жан-жақты күшейтуге шақырды.

Си Цзиньпин Бейжіңде Қытай Халық-азаттық армиясының қолбасшыларының алдында сөз сөйледі. Ол Қытай әскери күштері соғысқа дайын болуы керектігін және «өлім мен қиындықтан қорықпау қажеттігін» айтты.

Соғыстардағы жеңістің кілті - бұл нақты жауынгерлік дайындықты күшейту. Әскери дайындық - армияның тұрақты және басты міндеті. Бұл жауынгерлік тиімділікті арттырудың басты жолы, - деп Синьхуа агенттігі ҚХР төрағасының сөзінен үзінді келтірді.

Қытай Халық Республикасының көшбасшысы әскери басшыларды «қиындықтан да, өлімнен де қорықпай» жауынгерлік рухты сақтауға шақырды. Ол Қытайдың әскери дамуы мен бүкіл әлемдегі жағдай «жаңа дәуірге» аяқ басты деп мәлімдеді.

 Си Цзиньпиннің пікірінше, елдің Халық-азаттық армиясы «әлемдік деңгейдегі жауынгерлік күшке» айналуы керек.

Өзгелердің жаңалығы