"Шырақшы" фильмі Сочидегі фестивальде екі жүлдеге ие болды

21 Қараша 2019, 11:23
2700
Бөлісу:
"Шырақшы" фильмі Сочидегі фестивальде екі жүлдеге ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Шырақшы" фильмі Ресейде өткен Sochi International Film Festival and Awards кинофестивалінде екі жүлде алды. Режиссер Ермек Тұрсыновтың фильмі  "Үздік фильм" және "Үздік әйел адамның рөлі" жүлдесін алды. 

Соңғы аталған жүлде картинада басты рөлді сомдаған актриса, Ресейдің халық артисі Нина Усатоваға бұйырды. Бұл жүлделерді фестивальдің жабылу салтанатында фильмде басты рөлді сомдаған актер Мұратжан Мұқажанов алды.

Биыл фестиваль барысында халық назарына 50 фильм ұсынылды. Фестивальдің басты байқауына 10 толықметражды, 12 қысқаметражды және 8 деректі фильм қатысты. Халықаралық қазылар алқасының құрамына танымал киногерлер және фестивальдің құрметті қонақтары кірді, - делінген ақпаратта.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "Шыракшы" фильмі  екінші дүниежүзілік соғысы кезінде неміс қариядан киноаппарат сыйға алған солдат туралы. Соғыстан соң елге оралған ол қартайған шағына дейін ел аралап, киноаппаратпен ескі фильмдерді көрсетумен айналысады. 

Кинотуындының әлемдік тұсаукесері XXII Шанхай халықаралық кинофестивалінің аясында  өтті. Фильмде басты рөлді сомдаған актер Мұратжан Мұқажанов Анапада өткен "Киношок" фестивалінде "Кино өнеріне адал кейіпкердің образын көркем сомдағаны үшін" қазылар алқасының дипломымен, ал картинаның операторы Мартин Сечанов А.Княжинский атындағы "Үздік операторлық жұмыс" жүлдесімен марапатталды. Ал жақында бұл картина "Алтын глобус" жүлдесіне үміткерлер қатарынан көрінді. 


 

Өзгелердің жаңалығы