Бас жаңалықтар
Шынымен, проблема – президент еңбек өнімділігінің өсімі жайлы
24 Қаңтар 2020, 12:28 202

Шынымен, проблема – президент еңбек өнімділігінің өсімі жайлы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің кеңейтілген отырысын қорытындылау үшін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз алды. 

Үкіметтің бірнеше мүшесі президенттің баяндамасынан «түртіп алатын ескертпелерді» жазып алу үшін қолдарына қалам алды.
Ал, президент баяндамасын Үкіметтің 2019 жылдағы жұмысына оң баға беруден бастады.

Жалпы елдегі макроэкономикалық ахуал тұрақты. Біз әлемдік даму қарқынынан қалыспай экономикамызды өркендетіп келеміз. Үкімет жоспарланған макрокөрсеткіштердің бәріне қол жеткізді. Бірқатар маңызды бағдарлама қабылданды. Соның ішінде "Мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму" бағдарламасы, "Бизнестің жол картасы-2025", "Өңірлерді дамыту бағдарламасы", "Денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасы" және т.б. Сайлау алдындағы бағдарламамды және халыққа Жолдауымды жүзеге асыру үшін Үкімет пен Парламент үйлесімді жұмыс атқарып жатыр. Бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысын арттыруға, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тетіктерін енгізуге бағытталған бірқатар заңнамалық акті қолданысқа енді. "Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданды. Экономиканы дамыту және бизнеске қолдау жүргізу мақсатымен түрлі тексерістер жүргізуге мораторий енгізілді. Шағын және микробизнес салықтан босатылды. Шағын және орта бизнестен түсетін коорпоративті  табыс салығын өңірлерге беру үшін құқықтық негіз қалыптастырдық. Үкімет президент тапсырмаларын орындап отыр деуге болады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әйтсе де, мемлекет басшысы шешімі табылмай жылдар бойы проблема болып келе жатқан мәселелердің жоқтығын жасырмады.

Мұнымен бірге, экономикалық дамудың сапасына қатысты мәселе түйткілді болып қалып отыр. Өсімге ресурстық потенциал мен бюджеттік инвестициялар локомотив болып қалды. Құрылыс, сауда, көлік салалары жақсы өсім көрсетті. Бұл туралы премьер-министрдің есебінде де айтылды. Дегенмен, экономикаға кредит құю ақсақтап келетінін атап өту керек... Өкінішке қарай, біз өткен жылы Еуразиялық экономикалық одақта инфляция деңгейі бойынша «чемпион» болдық. Еңбек өніміділігі өсімінің жоқтығы проблема болып қалып отыр. Шынымен, проблема. Шикізат емес эскпорт үлесі баяу өсіп келеді. Көріп тұрғаныңыздай, экономикалық өнімнің сапасын арттыруға байланысты мәселелер көп. Олардың көбі – құрылымдық проблемалар. Олармен бірнеше жылдан бері күресіп келеміз, - деді президент. 

Бұған дейін Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндама жасаған Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлік жағдайын сұрады. Облыс басшысы сөзін аяқтаған соң, президент Ақтөбеде агломерация жасау керек деген тапсырма берді


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...