Шыныбеков департамент сот өндірісінің үш сатылы моделі аясында қалай жұмыс істеп жатқанын айтты

14 Қазан 2021, 11:23
4095
Бөлісу:
Шыныбеков департамент сот өндірісінің үш сатылы моделі аясында қалай жұмыс істеп жатқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің тергеу қызметі басқармасының бастығы Ғұмар Шыныбеков брифингте айтты.

Мемлекет басшысының елдің құқық қорғау және сот жүйесін реформалау, сондай-ақ, цифрландырудың мемлекеттік бағдарламасын одан әрі іске асыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті сот өндірісінің үш сатылы моделіне көшті. Бұл тергеу қателерін барынша азайтуға мүмкіндік береді, - деді Шыныбеков.

Ол атағандай, заңнамалық деңгейде прокурормен қылмыстық процестің заңдылығын қамтамасыз ететін негізгі процессуалдық шешімдерді келісіп бекітеді.

Жоба қолданысқа енгізілген сәттен бастап, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуын барынша азайту, прокурордың шешімін электронды түрде келістіру мен бекіту арқылы қылмыстық процесте жағымды тенденциялар айқындалды. Үш деңгейлі үлгіні іске асыру кезінде бақылаушы органмен бірге ведомствоаралық семинарлар, дөңгелек үстелдер мен жұмыс кездесулері өткізілді, оның барысында туындаған мәселелер талқыланды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы