Шын жүректен рахмет! Партия мүшесі медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді

14 Тамыз 2020, 16:02
1583
Бөлісу:
Шын жүректен рахмет! Партия мүшесі медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді

Алматы, BAQ.KZ. "Nur Otan" партиясының белсендісі Бақытбек Жұмабаев осы қиын шақта, пандемия кезінде алғы шепте қызмет етіп, азаматтарымыздың өмірі үшін күресіп жүрген  дәрігерлерге алғыс білдірді.

Партия мүшесі екі медициналық ұйымға барып қайтты. Медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетіп, оларға 100 литр шұбат пен 150 кг-нан астам алма табыс етті.

Бәріміз білетіндей, шұбат құрамында С дәрумені 3 есе көп және сиыр сүтімен салыстырғанда темір 10 есе көп. Онда май мен холестерин аз, бұл ақуыз бен қанықпаған май қышқылының жақсы көзі.
Мен коронавируспен күресте бізді қорғауға барын салып жүрген барлық дәрігерлерге алғыс айтқым келеді. Біз осы қиын күресте қолымыздан келгенше сіздерге қолдау көрсеткіміз келеді. Сіздер шынымен біздің заманымыздың батырысыздар. Сіздер тәулік бойы қала тұрғындарының өмірі үшін күресудесіздер. Мен үшін қолымнан келгенше қолдау көрсету – қасиетті борыш, - дейді Бақытбек Жұмабаев.
Естеріңізге сала кетейік, партиялықтар медицина қызметкерлеріне тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді. Осылайша, партия мүшелері біздің ақ халатты батырларымызға қажетінше қол ұшын созбақ.
Өзгелердің жаңалығы