Шымкенттік полицейлер терезеден секірмекші болған қызды құтқарып қалды

6 Қараша 2021, 16:56
806
Бөлісу:
Шымкенттік полицейлер терезеден секірмекші болған қызды құтқарып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттік полицейлер 9-қабаттың терезесінен секірмек болған 24 жастағы қызды аман алып қалды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, 4 қарашада түнгі сағат 00:30 шамасында 102 арнасына 9-қабаттың терезесінен секіргелі тұрған адамға көмек керек деген хабарлама келіп түсткен.

Тәртіп сақшылары хабарламаға шұғыл ден қойып, жақын маңдағы Патрульдік полиция полкінің 4-рота №821-автоэкипажын оқиға орнына жібереді. Қызмет барысында полиция лейтенанты А.Ибрагим мен полиция майоры Н.Қоспанов аталған мекенжайға бірден келіп, терезенің сыртында тұрған азаматшаны көреді, - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері жедел іс-әрекеттерінің нәтижесінде терезе сыртында тұрған қызды қауіпсіз жерге шығарып үлгереді. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өмірімен қош айтыспақ болған 24 жастағы азаматша мән-жайды анықтау үшін Қаратау ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы