Бас жаңалықтар
Шымкенттік 1 млн теңгеге жуық темекі өнімін ұрлаған
11 Қыркүйек 2021, 16:54 111

Шымкенттік 1 млн теңгеге жуық темекі өнімін ұрлаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Супермаркеттен темекі өнімдерін ұрлап кеткен шымкенттік анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби АПБ-на жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен қатынас хат келіп түсті.

Онда супермаркеттен белгісіз біреу 900 000 теңге тұратын темекі өнімін ұрлап кеткенін көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ ЖҚПБ учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтады. 

Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...