Шымкенттік дәрігерлер флешмобы. Кімді жазалау керек?

15 Шілде 2020, 12:30
1480
Бөлісу:
Шымкенттік дәрігерлер флешмобы. Кімді жазалау керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн баспасөз конференциясы барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова 13 шілде - Ұлттық аза тұту күнінде шымкенттік медицина қызметкерлері жол бойына тізіліп, бір минуттық үнсіздік флешмобын өткізу шарасына қатысты жауап берді.

Денсаулық сақтау министрлігі мұндай флешмоб өткізу жөнінде бастама бермеді. Пандемия құрбандарын еске алу әрбір адамның азаматтық парызы. Дәрігерлерді шығару туралы ұсыныс медицина қызметкерлері қауымдастығынан берілді. Біздің міндетіміз – санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз ету болды. Адамдар арасында қаншалықты арақашықтық болуы керегін және маска тағу міндетті екенін ескерттік. Менің ойымша, бұл жерде біреуді жазалау мәселесі қаралмауы керек. Себебі, бұл - азаматтардан келген ұсыныс, - деді ол.

Бұған дейін вице-министр Қазақстан Үкіметі Тәжікстанға өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) портативті аппараттарын жіберуді жоспарлап отыр деген ақпаратқа қатысты ойын айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы