Шымкенттік алаяқ адамдар жоғалтқан құжаттар негізінде 50 шағын несие алған

15 Ақпан 2021, 11:31
1564
Бөлісу:
Шымкенттік алаяқ адамдар жоғалтқан құжаттар негізінде 50 шағын несие алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті басшысының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов  интернет-алаяқтыққа қарсы күрес тақырыбында өткен дәстүрлі брифинг барысында айтты. 

9-11 ақпан аралығында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жедел іс-шара ұйымдастырылды. 3 күн ішінде 300-ден астам қылмыс тіркелді,  289 бұрынғы аляқтықтың беті ашылды. Алаяқтықтың ең кең тараған түрі интернет алаңдарында қызмет көрсету немесе тауарды сату бойынша хабарландыру жасау. Олар арзан бағаға тауар сату немесе төмен бағадағы қызмет көрсету арқылы құрбандарды тартады, - дейді ол. 

Нұрмағамбетов айтандай, елордалық полиция департаментінің қызметкерлері ер адамды ұстаған. 

Ол «айфон» сату туралы хабарламаны Instagram желісінде жариялаған. Ол 15 алаяқтық әрекетті жүзеге асырған.  Жалпы шығын көлемі 3 млн теңгені құрады. Сондай-ақ  шағын несие ұйымдарынан онлайн несие алуды заңсыз жүзеге асыратындар саны көбейді. Шымкенттік алаяқ адамдар жоғалтқан құжаттар негізінде 50 шағын несие рәсімдеген, - деді ол. 

Сонымен қатар Қанат Нұрмабағамбетов әлеуметтік желіде букмекерлік салымдар мен биражаларға бәс тігу де кеңінен тарап кеткенін айтты. 

Қарағандылық тұрғын сенгіш азаматтардың 4 млн теңгесін жымқырған. Жеке мәліметтерді алу арқылы банк карталары мен депозиттерге қол сұғу да жүзеге асырылады. Сондықтан жеке мәліметтерді ешкімге бермеуді сұраймы, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы