Бас жаңалықтар
Шымкенттің 43 көшесіне жарық шамдар орнатылды
08 Қазан 2020, 06:19 96

Шымкенттің 43 көшесіне жарық шамдар орнатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында шалғай орналасқан тұрғын алаптардағы 39 көшеге жарық шамдар орнатылып, төрт көшенің  жарық жүйелеріне қайта құру жұмыстары жүргізілді. Ал алдағы үш жылда қаладағы 303 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр. Бұл туралы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлады.

Басқарма мамандарының мәліметіне сүйенсек, қаладағы Құрсай, Қазығұрт, Сәуле шағын аудандарындағы бірқатар көше мен Қайнарбұлақ саяжайының орталық көшесіне жарықтандыру бағаналары қойылып жатыр. 

Сондай-ақ, Ленгір бағытындағы тас жолдың ескі шамдары диодты шамдарға ауыстырылып, қосымша жарық жүйесі орнатылған. 

Сала мамандарының айтуынша, қала көшелерін жарықтандыру бойынша үш жылдық жоспар жасалынған. Жоспар толық іске асырылған уақытта 100 пайыз энергия үнемдейтін LED шамдар қойылып, тозған тіректерді толығымен жаңасына ауыстырып, жарықтандырылатын көшелердің саны  181-ден 484 көшеге ұлғаяды екен. 

Сонымен қатар, шалғай елді мекендердегі көшелерді сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету және диспетчерлік орталық құру арқылы бір орталықтан басқару көзделіп отыр, - делінген басқарманың хабарламасында.

 



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...