Шымкенттегі орта мектепке Сабыр Рахимовтың есімі берілді

9 Мамыр 2021, 18:43
3215
Бөлісу:
Шымкенттегі орта мектепке Сабыр Рахимовтың есімі берілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының №53 орта мектебінде Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахимовтың есімін беруге арналған іс-шара өтті. 

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкенттегі орта мектепке Сабыр Рахимовтың есімі берілді

Салтанатты жиын Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске алудан басталды. 

Шымкенттегі орта мектепке Сабыр Рахимовтың есімі берілді

Одан кейін соғыс және Қарулы Күштер ардагерлері сөз сөйледі. 

Шымкенттегі орта мектепке Сабыр Рахимовтың есімі берілді

Олар оқушыларға Жеңіс тарихы мен генерал Сабыр Рахимовтың ерлігін айтып берді.

Шымкенттегі орта мектепке Сабыр Рахимовтың есімі берілді

Іс-шараның соңында Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына арналған мерекелік концерт, сондай-ақ генералдың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі болды.

Шымкенттегі орта мектепке Сабыр Рахимовтың есімі берілді

№53 орта мектеп 1936 жылы пайдалануға беріліп, Сталин атында болды, ал 1955 жылы Хамзаның құрметіне аталған.

Шымкенттегі орта мектепке Сабыр Рахимовтың есімі берілді

85 жылдан астам тарихы бар оқу орнында 2200 бала оқиды және 200-ден астам мұғалім жұмыс істейді. Мектепте сабақтар қазақ және өзбек тілдерінде екі ауысымда өткізіледі.

Шымкенттегі орта мектепке Сабыр Рахимовтың есімі берілді

2020 жылы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ұлылар ұлықтайық» жобасы аясында Сабыр Рахимов пен Сағадат Нұрмағамбетовтың есімдерін көшелер мен мектептерге беру туралы мәселе қаралды. Жергілікті атқарушы органдардың және Шымкент қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қолдауымен Ұлы Отан соғысының батырларына көшелер мен мектептердің атаулары берілді, - делінген хабарламада.

Шымкенттегі орта мектепке Сабыр Рахимовтың есімі берілді
Өзгелердің жаңалығы