Шымкенттегі автобустарда SMS және QR төлем іске қосылды

18 Қаңтар 2019, 17:35
2327
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Шымкенттегі автобустарда жолақыны SMS және QR код арқылы төлеуге болады. Жобаны «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын дамыту аясында Шымкент қалалық әкімшілігі бірнеше жекеменшік компаниямен бірлесіп жүзеге асырды.

«SMS және QR төлем жобасы қалаішілік №141, 147, 147а және 148, 148б автобустарында сынақтық режимде іске қосылды. Алдағы уақытта электронды билет жүйесін барлық бағытқа жүретін қоғамдық көлікке енгізу жоспары бар», - деді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының жетекшісі Қуатжан Жұматаев.

Төлем шарттары:

– SMS арқылы төлегенде, көлік кодын 2505 қысқа нөміріне жіберу керек. Жолаушы жауап ретінде SMS-түбіртек пен электронды билет алады.

– QR-код арқылы төлегенде - QR-кодты Менің Beeline-ым қосымшасында сканерлеу керек. Жауап ретінде жолаушы SMS арқылы түбіртек пен электронды билет алады.

Акция шарттары:

  • Осы жолмен Шымкент қаласындағы жолақы төлеуге болады;
  • Beeline-ның алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесіне қосылған клиенттер ғана қызметті пайдалана алады;
  • Осы төлем жүйесі жұмыс істейтін бағыттардың тізімі: 141, 147, 147а, 148 және 148б;
  • SMS және QR төлемге қатысты сұрақтарыңыз болса, келесі нөмірге хабарласуыңызды сұраймыз: +7 775 025 9505.
Өзгелердің жаңалығы