Бас жаңалықтар
Шымкенттегі әуе базасы тексерілді
PHOTO
02 Тамыз 2021, 09:44 326

Шымкенттегі әуе базасы тексерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскери-әуе күштері қолбасшысының орынбасары полковник Тимур Омаровтың төрағалығымен комиссия Шымкент қаласында орналасқан авиациялық базаның жауынгерлік әзірлігін тексерді.

Авиацияның жауынгерлік әзірлігінің нақты жай-күйін анықтау үшін жеке құрам дабыл бойынша көтерілді. Комиссия кезекші күштерді, оқу-материалдық базаның жағдайын, сондай-ақ жауынгерлік құрам мен қару-жарақты тексерді.


Ұшу құрамы ұшу дағдылары, нысанаға дәл шығу және шартты қарсыласты жою, сондай-ақ жауынгерлік қолдануға ұшуды орындау бойынша бағаланды.


Тексеру барысында комиссия жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру, жауынгерлік даярлық, ұшуларды жерде қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелеріне, сондай-ақ инженерлік-техникалық құрам мен байланыс мамандарының жұмысына назар аударды.


Тексеру қорытындысы бойынша комиссия төрағасы полковник Тимур Омаров авиациялық базаның жеке құрамы жауынгерлік міндеттерді орындауға дайын екенін атап өтті.




Фото: дереккөз
Загрузка...