Шымкенттегі 8 нысанда ауызсу жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

5 Тамыз 2020, 13:55
1872
Бөлісу:
Шымкенттегі 8 нысанда ауызсу жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында Абай ауданындағы 5 тұрғын алап пен 2 шағын ауданды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. 

Жиделібайсын  мен Гагарин көшелерінің қиылысынан Көкбұлақ тұрғын алабына дейінгі 28,3 шақырымды құрайтын магистралды су жүйесінің құрылысы да кестеге сәйкес атқарылуда. 
Қазіргі таңда Абай ауданының 78,5 пайызы ауызсумен қамтылған.  Аталған  құрылыс жұмыстары аяқталған жағдайда ауданда ауызсумен қамтылатын елдімекендер саны 31-ге жетіп, 87 пайызды құрайтын болады. Жыл соңында Жаңаталап, Игілік, Қызылжар, Тәуелсіздікке - 20 жыл, Көкбұлак тұрғын алабындағы 3500-ге жуық отбасы сапалы ауызсуға қол жеткізеді. Мердігер компаниялар құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр, - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
кубыр1.jpeg

Ынтымақ-2 және Батыс шағынауданында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталады. Осы мақсатта биыл бюджеттен 280 миллион теңге қаржы бөлінген. 

Сонымен қатар, Солтүстік саяжай  шағын ауданын ауызсумен қамту жұмыстарына ЖСҚ дайындалған, ал Ақтас тұрғын алабына тіршілік нәрін жеткізу үшін ЖСҚ дайындалу үстінде. 

Бұан бөлек, Құрсай шағын ауданы, Қызылжар және Ынтымақ шағын аудандарын ауызсумен қамту жоспарланып отыр. 


Өзгелердің жаңалығы