Шымкентте жастар бір тоннадан астам бауырсақ пісірді

19 Наурыз 2019, 13:09
2205
Бөлісу:
Шымкентте жастар бір тоннадан астам бауырсақ пісірді

Астана, BAQ.KZ. Шымкентте Наурыз мерекесіне орай М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері 1 тоннадан астам бауырсақ пісірді. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Ұлыстың ұлы күнін сән салтанатымен атап өткен іргелі жоғары оқу орны ақшаңқан киіз үйлер тігіп, мерекенің басты тағамы жеті түрлі дәмнен жасалған наурыз көжеден тарту жасады.

75 жылдық тарихы бар оқу орнында бүгінде 20 мыңнан астам студент білім алады. Ал университет былтыр «Дамушы Еуропа және Орталық Азия» өңірлік рейтингінде 305 үздік жоғары оқу орны арасында 100-дікке іліккен болатын. Жыл сайын 700-ден астам студент пен 300 оқытушы оқуға және тағылымдамадан өту үшін шетелге жіберілуде.

Сондай-ақ, биыл Жастар жылына орай жоғары оқу орны 500 орынға лайықталған жаңа студенттер үйін салуды жоспарлап отыр. Бұған шаһардың «Тұран» мөлтек ауданынан 8 гектар жер бөлініп, жоба жасалуда. Бұл ғимарат Оңтүстік кореялық инвесторлар есебінен тұрғызылмақ.

«Барлық қазақстандықтарды келіп жеткен Ұлыстың ұлы күнімен, осы жаңа жылдың бастауымен шын жүректен құттықтағым келеді. Жастар бірігіп, 1 тонна бауырсақ пісірді», - деді М.Әуезов атындағы ОҚМУ бірінші проректоры Қайрат Нұрманбетов.

.

Өзгелердің жаңалығы