Шымкентте жас полицейлер ант қабылдады

3 Қыркүйек 2021, 20:18
3792
Бөлісу:
Шымкентте жас полицейлер ант қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы Полиция департаментінде Ішкі істер органдарына жаңадан қабылданған жас полицейлер үшін ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлады Polisia.kz. 

Тәртіп сақшылары салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларын қатаң сақтауға, өз лауазымдық міндеттерін адал орындауға ант берді. Аталған іс-шараға департаменттің басшылығы, жеке құрамы және ІІО ардагерлері қатысты. 

Іс-шараны ПД бастығының міндетін атқарушы М. Алтаев ашты. ҚР ІІМ министрі Е. Тұрғымбаевтың бұйрығымен Токио қаласында өткен 32-жазғы олимпиада ойындарына қатысып, Қазақстан Республикасының абыройын асқақтатқан үш шымкенттік спортшы “Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін” Медалімен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Олар “Динамо” қоғамының мүшелері - Дархан Асадилов, Софья Берульцева, Николай Репин. 

Сондай-ақ өз қызметін адал атқарып, жедел қызметтерінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген 125 полиция қызметкері түрлі марапаттарға ие болды. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі атынан 29 полиция қызметкеріне төсбелгі, грамота және алғыс хаттар тапсырылды. Шымкент қаласы ПД бастығының бұйрығымен 100-ге жуық полицей марапатталды. Іс-шара соңында қызмет бабында қайтыс болғандарды еске алу мақсатында монументке гүл шоқтары қойылды.



Өзгелердің жаңалығы