Шымкентте жаңа үлгідегі аялдамалар орнатылады

5 Маусым 2020, 12:29
1751
Бөлісу:
Шымкентте жаңа үлгідегі аялдамалар орнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте екі түрлі үлгіде 260 жаңа аялдама орнатылмақ. Кішкентай аялдаманың құны 900 мың теңге болса, үлкені 2 миллион теңгені құрайды. Кіші аялдамаларды жолаушысы аз мекендерге қою жоспарлануда.

Жаңа аялдамалар бұрынғысынан сынбайтын терезелерімен ерекшеленеді. Сондай-ақ,  аялдамалардың ені бұрын 60 см болса, қазіргісі 40 см болып қысқарады. Оның себебі, белгілі бір тұрғылықты жайы жоқ азаматтар аялдаманы паналамауы үшін жасалған, - деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 

Қоғамдық көлік жүйесін жаңарту кезінде атқарылған жұмыс нәтижесі шалғай елдімекендерге әлі де болса 1200 қоғамдық көлік аялдамасы қажет екенін көрсетті.

Бұл мәселе алдағы 4-5 жыл ішінде кезең-кезеңімен шешілетін болады. 


Өзгелердің жаңалығы