Бас жаңалықтар
Шымкентте жаңа индустриалды аймақ құрылып жатыр
14 Тамыз 2020, 17:06 243

Шымкентте жаңа индустриалды аймақ құрылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте "Жұлдыз" индустриалды аймағы құрылып жатыр. Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков баспасөз брифингінде осылай деді.

Қала аумағында бүгінге дейін 2 индустриялық аймақ және "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы жұмыс атқарып жатқаны мәлім. Биылдан бастап үшінші жаңа индустриалды аймақ құру жұмыстары басталды. Бүгінде шаһарда индустриалды аймақтар тиімді жұмыс істеп жатыр. Қазіргі кезде қалаға инвесторларды тарту мақсатында аумағы 306 гектарды құрайтын жаңа "Жұлдыз" индустриалды аймағы құрылуда. Жобалық-сметалық құжттары әзірленіп, келесі жылдың екінші жарты жылдығында іске қосу жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде 2021 жылы 110 гектар жерін пайдалануға беру жоспарда. Бірқатар әлеуетті инвестор өздерінің зауыттарын салуға дайын отыр, – деді басқарма басшысы.



Фото: дереккөз
Загрузка...