Шымкентте вакцинация пункттеріне бейнебақылау камерасы орнатылды

9 Шілде 2021, 16:03
2384
Бөлісу:
Шымкентте вакцинация пункттеріне бейнебақылау камерасы орнатылды

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте коронавирусқа қарсы вакцина салу пункттерінде бейнебақылау камералары қойылды. Халықтың вакцина алу процесін тіркейтін жүйе еліміз бойынша Шымкентте алғаш орнатылды. Қазір қала аумағында вакцинация жұмысын ұйымдастыратын егу пункттерінің жалпы саны 45-ке жетті. Бұдан басқа, тағы 25 жылжымалы пункт бар екен.

Шымкенттіктерге айтарымыз, коронавирус індетінің алдын алудың бірден бір жолы - вакцина алу, яғни екпе салдыру. Соңғы бір тәулікте қаламызда 10 120 адам вакцина алды. Олардың 6164-і бірінші дозасын, ал 3956-ы екінші дозасын салдыртқан азаматтар. Елімізде вакцинация науқаны басталғалы Шымкентте 303 364 адам вакцина салдыртты. Олардың жартысынан астамы, яғни 183 651-і вакцинаның екі компонентін де алған адамдар, - дейді Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Нахыпқызы.

Шымкентте вакцинация пункттеріне бейнебақылау камерасы орнатылды

Қазір Шымкентте коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал күннен-күнге нашарлап жатыр. 8 шілдеде індет жұқтырған 210 адам тіркелді. Мұның 152-сінде коронавирус белгілері болса, қалған 58 адамда ондай белгілер жоқ. Коронавирус жұқтырғаны анықталған адамдардың 87-сі инфекциялық аурулар стационарына жатқызылса, 123 адам үйінде болып, бақылауға алынды.

Қазір қаладағы арнайы жабдықталған инфекциялық стационарларда барлығы 1416 адамға арналған төсек-орын болса, соның 46%-ында адам жатыр. Қалған 752 төсек-орын бос екен.

Бұл стационарларда 664 адам емделсе, 148 науқас жансақтау бөліміне жатқызылған.

Өзгелердің жаңалығы