Бас жаңалықтар
Шымкентте ұландықтар көлік жарылысының алдын алды
PHOTO
14 Қаңтар 2021, 19:16 98

Шымкентте ұландықтар көлік жарылысының алдын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлімінің жауынгерлері көшелердің бірінде өртеніп жатқан Lada Рriora маркалы көлігін байқайды, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Патрульдік топ жетекшісі қатардағы Ерғазы Қайыпов бұл туралы дереу әскери жасақтар бойынша кезекшіге хабарлап, оқиға орнына 101 қызметін шақырады. Өрт сөндіру тобы келгенше, ұландықтар аймақты қоршауға ала бастайды.


Біз көше тәртібін қадағалап жүргенбіз. Кенеттен сол жағымызда орналасқан көліктің жана бастағанын көрдік. Ойланатын уақыт болмады. Бірден аймақты қоршауға алдық. Адамдарға қауіп төнбес үшін дереу қимылдау керек болды, - дейді қатардағы Ерғазы Қайыпов.

20 минут көлемінде ұландықтар өрт сөндіру тобымен бірге тілсіз жаумен күресіп, оны толықтай ауыздықтай алды. Қазір өрттің неден шыққан себептері анықталу үстінде.

Жеңіл көлік иесі әскерилерге жылдам көмекке келгендері үшін шынайы алғысын білдірді.


Фото: дереккөз
Загрузка...