Шымкентте төтенше жағдай режимін бұзған 83 адам жауапқа тартылды

Шымкентте төтенше жағдай режимін бұзған 83 адам жауапқа тартылды
914

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында жағдай тұрақты. Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қорғауды қамтамасыз етуде. Барлық кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай режимі жарияланған сәттен бастап комендаттық сағатты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 83 құқық бұзушы тартылды. Оның 47-і қамауға алынды.

Сонымен бірге, тәулік бойы қаладағы 7 блокбекетте күдікті адамдарды және тыйым салынған заттарды анықтау үшін көлік құралдарының қозғалысы тексеріліп жатыр. Блокпосттарда 12 540 автокөлік тексерілді. Нәтижесінде тәртіпсіздікке қатысқан 8 адам ұсталды. Көлікті қарау кезінде 1 газ тапаншасы тәркіленді.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы