Шымкентте тізгінсіз кеткен КамАЗ 11 көлікпен соқтығысты

5 Желтоқсан 2020, 16:24
1595
Бөлісу:
Шымкентте тізгінсіз кеткен КамАЗ 11 көлікпен соқтығысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент полициясы КамАЗдың қатысуымен болған жаппай жол апатына қатысты түсініктеме берді. 

Бұл туралы otyrar.kz жазды.

2020 жылдың 4 желтоқсанында сағат 18:30-да Шымкенттегі Тәуке хан даңғылы мен Шалғынды көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алды.

«КамАЗ» жүк көлігі Тәуке хан даңғылындағы бағдаршамда тұрған 11 жеңіл автокөлікпен соқтығысты. ЖКО нәтижесінде 4 азамат жеңіл дәрежеде жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Қазір барлығы үйлеріне қайтарылды. Зардап шеккендер мен ауыр дене жарақаттары жоқ. КамАЗ жүргізушісі көлікті басқара алмай қалғанын айтып түсіндірді. Тәуке хан даңғылының бойында барлық жол белгісі орнатылған, жол жолақтары бар. Жол тегіс. Жол-көлік оқиғасын туындататын себептер жоқ, - деп түсіндірді Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Мұхтар Бұхарбаев. 

Аталған аумақта жол-көлік оқиғасын тудыратын себептер жоқ, өйткені барлық тиісті жол белгілері орнатылған. Ал әлеуметтік желідегі ақпарат шындыққа жанаспайды.

Айта кетейік, «КамАЗ» жүк көлігінің жүргізушісіне тиісті сараптамалар тағайындалды. Жол апатының мән-жайы анықталуда. Сараптама қорытындысы шығарылғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі.

Өзгелердің жаңалығы