Бас жаңалықтар
Шымкентте тәулігіне 1000 шаршы метр травертин тасы өндіріледі
24 Желтоқсан 2020, 04:50 295

Шымкентте тәулігіне 1000 шаршы метр травертин тасы өндіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында травертин өндіретін «Бесқұдық тас» зауыты индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында осы жылдың басында іске қосылған, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан өндіріс орнындағы үш цехта тасты қайта өңдеп, құрылысқа қажетті пішіндегі материалдар шығарады.

Кәсіпорын тәулігіне 1000 шаршы метр өнім өндіруге қауқарлы. Өнімдердің 80 пайызы ішкі нарықты қамтуға бағытталған. Дайындалған травертин материалдар қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне, әр түрлі декортивті ескерткіштер мен мүсіндерге қолданылып отыр.

Кәсіпорыннан ешқандай қалдық шығарылмай қайта өңделеді. Үш цехта да тас кесу жұмысы сумен бірге атқарылады. Кесуде қолданылған су 400 тонналық 5 бассейнге жиналады. Құрамындағы майда тас қиыршықтары сүзгіден өткізіліп, оны гидроқысым арқылы 4 түрлі кірпіш өндіріледі, – деді «Бесқұдық тас» ЖШС директорының орынбасары Жаңабек Сопаев.

Сонымен қатар бұл жерде өндірілген тас өнімдері сапа стандартына сай келеді. Әрі радиация бөлмейтін таза экологиялық тауар саналатындықтан алыс жақын шет елдерден сұраныс артып келеді. Бүгінде Өзбекстан, Ресей және БАӘ елдерінен де тапсырыс түсіп отыр.

Өндіріс орнында 98 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алыс ауданнан келетін жұмысшылар үшін 45 адамға арналған жатақхана да қарастырылған. Сондай-ақ, жұмысшылар үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.




Фото: дереккөз
Загрузка...