Шымкентте тәртіпсіздіктің 400 қатысушысы ұсталды

9 Қаңтар 2022, 17:28
1888
Бөлісу:
Шымкентте  тәртіпсіздіктің 400 қатысушысы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте полиция тәртіпсіздікке қатысқан 400 адамды ұстады. Бұл туралы қалалық жедел штаб хабарлаған. 

Ұсталғандардың жартысы мегаполиске өзге аймақтардан келген. Олар полиция мекемелеріне оқ пен тас атып, сауда орталықтарын талқандаған. 45 полиция әртүрлі жарақат алды. Қала коменданты Ералы Жұмаханбетовтың айтуынша, полицияның екі қызметкері ауыр жарақатпен жансақтау бөліміне түскен. 

Қазіргі таңда олар арнайы бақылаудағы палаталарға ауыстырылды. Тәртіпсіздіктерден кейін 155 әкімшілік, 50 қылмыстық із қозғалды. Алған жарақаттарға қарамастан барлық қызметкер өз еріктері бойынша тынытық орнату үшін  қайта жұмысқа кірісті. Қазір Шымкенттегі жағдай тұрақты. Қала аймағы құқық қорғау органдарының бақылауында тұр, - деді Жұмаханбетов.

Өзгелердің жаңалығы