Бас жаңалықтар
Шымкентте спирттік ішімдік дайындайтын 4 астыртын цех жұмысын тоқтатты
25 Маусым 2021, 03:35 717

Шымкентте спирттік ішімдік дайындайтын 4 астыртын цех жұмысын тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу басқармасының қызметкерлері жедел-тергеу шараларының нәтижелері бойынша суррогат алкогольдік ішімдіктер шығаратын 4 жасырын цехтың қызметін тоқтатты, деп жазды otyrar.kz.

Тексеру барысында әртүрлі маркалы 19 мың бөтелке алкогольдік ішімдіктер, 75 литр алкоголь, 13,4 тонна алкоголь бар сұйықтық, 5 мыңнан астам және 1 бақылау-есепке алу маркалары мен бақылау орамдары табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ контрафактілік өнімдерді толтыруға арналған түрлі құрылғылар тәркіленді.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қорытындысына сәйкес, 4 жерасты шеберханасын ұйымдастырушылар мемлекетке 9 миллион теңгеге жуық шығын келтірген.

Осы үш факт бойынша ҚР ҚК 233 б, 2-бөлігі бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде, күдікті кінәсін толығымен мойындап, келтірілген зиянның орнын толтырды.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...