Бас жаңалықтар
Шымкентте "Shymkent bike" жобасы іске қосылады
10 Тамыз 2020, 19:40 138

Шымкентте "Shymkent bike" жобасы іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында үлкен магистралды көшелерге  веложолақтар салынып жатыр. Жұмыстар толығымен аяқталар болса тұрғындар велосипедті қоғамдық көлік ретінде қала аумағында пайлануына мүмкіндік туады.  

"Shymkent bike" әлеуметтік-инновациялық жобасы шеңберінде 200 велосипедті құрайтын 40 велостанция іске қосылуға дайын тұр. Алдағы 1,5-2 айдың көлемінде велосипедтер тұрғындар игілігіне беріледі деп күтілуде.
Жоба аясында  пайдаланушылар үшін қолжетімді және ыңғайлы тарифтік жоспарлар әзірленген. "Bike Sharing" жүйесі арқылы тұрғындар мен қала қонақтары велосипедті жалға алудың алғашқы 30 минутында тегін айдай алады. Яғни, велосипедтерді жақын орналасқан станцияларда алмастырып, ұзақ уақыт бойы тегін қолдануға  мүмкіндік болады. 

Абоненттік төлем:

1 айлық абонемент – 2500 теңге;
3 айлық абонемент – 6000 теңге; 
1 жылдық абонемент – 10 000 теңге.

Тарифтер:

1 сағ. – 100 теңге
2 сағ. – 250 теңге
3 сағ. – 500 теңге
3 сағаттан асса1000 теңгеден болады деп жоспарланған.



Фото: дереккөз
Загрузка...