Шымкентте шот-фактура жазумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

19 Қаңтар 2021, 10:58
1484
Бөлісу:
Шымкентте шот-фактура жазумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті хабарлады.

Материалдық сыйақыға қаражатты қолма-қолға ақшаға айналдыра отырып, іс жүзінде жұмыстарды орындамай, ешқандай қызмет көрсетпей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазумен айналысқан 8 тұлғадан құралған ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз қызметін анықталды, - делінген хабарламада.

Тергеу барысында қылмыстық топтың 2017-2020 жылдар аралығында коммерциялық ұйымдарға 7,7 млрд теңгеден астам салықтан жалтару мақсатында жалған шот-фактура жазу бойынша қызметтер көрсеткені белгілі болған.

ҰҚТ мүшелеріне қатысты ҚР ҚК-нің 28-б. 3-б., 216-б. 3-б., 262-б. 1 және 2-б., 241-б.,  24-б. 3-б.,  190-б. 3-б. сәйкес қылмыстық іс сотқа жолданды.

Өзгелердің жаңалығы