Бас жаңалықтар
Шымкентте шомылу маусымы 6 айға созылады
15 Мамыр 2019, 17:45 440

Шымкентте шомылу маусымы 6 айға созылады

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласы аумағында 4 өзен, 4 су қоймасы, 5 су тоғаны және 22 аквасаябақтар, саяжайлар бар. Биылдың алғашқы төрт айында осы су айдындарында жазатайым оқиғалар тіркелмеген. Шомылу маусымында қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық Төтенше жағдайлар департаменті үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Бұл туралы Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Ерғали Бахаев мәлімдеді.   

Шымкент қаласының аумағында шомылу маусымы сәуір айынан басталып, қыркүйекке дейін жалғасады. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары соңғы жылдарда болған төтенше жағдайлардың мониторингіне қарап, шомылу маусымының мерзіміне қатысты осындай қорытындыға келіпті.   

"Шомылу маусымының алдында да, оның өту кезеңінде де су объектілерінде адамдардың өлімі ең өзекті мәселеге айналады. Бұған бақыланбайтын орындарда шомылу, балық аулау кезінде судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтамау, су айдындардың жанында ересектердің қарауынсыз қалған балалардың жүруі – мұндай оқиғалардың басты себебіне айналады", - деді Ерғали Бахаев.   


Оның сөзінше, қаңтар-сәуір айларында қала аумағында судағы жазатайым оқиғалар тіркелмепті. Өткен жылдың сәйкес мерзімінде Шымкенте 1 жас бала суға батып кеткен еді. 

"Осындай жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін бағытындағы жұмыстарды күшейту мақсатында қала әкімшілігімен бірлесіп, арнайы қаулы дайындалды. Үгіт-насихат жұмыстарына ерікті студенттерді, жергілікті полиция қызметтерін тартып жатырмыз. Жазғы сауықтыру лагерлерінің, мектеп жанындағы лагерлердің жұмысы басталғанда лагерлерге барып, шығу сабақтарын өткіземіз", - деді департаментке қарасты Жедел-құтқару жасағының басшысы Орынбасар Төртбаев.   

Сондай-ақ, Жедел-құтқару жасағының жеке құрамы суға шомылу маусымының соңына дейін күшейтілген режимде қызмет етуге ауысыпты.


Фото: автордан
Загрузка...

Сізден жаңалық