Шымкентте сарапшылар алдағы сайлау кампаниясының ерекшелігін талқылады

8 Мамыр 2019, 15:02
3090
Бөлісу:
Шымкентте сарапшылар алдағы сайлау кампаниясының ерекшелігін талқылады
PHOTO
Фото: автордан

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкенттегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында«Сайлау-2019: саяси науқанның ерекшеліктері» тақырыбында эксперттік талқылау жиыны өтті. 

Аталған жиынға қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Нұрғазы Бұқарбаев, Шымкент қалалық «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жұмағали Білісбеков, Қазақстан Журналистер одағы Шымкент қалалық филиалының төрайымы Айгүл Қапбарова, журналист, блогер Сырым Итқұлов қатысты. Ontustik телеарнасының директоры Қыдыр Уәли аталған жиынға төрағалық етті.

Күн тәртібіне негізгі мәселе бойынша қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Нұрғазы Бұқарбаев, Шымкент қалалық «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жұмағали Білісбеков, Қазақстан Журналистер одағы Шымкент қалалық филиалының төрайымы Айгүл Қапбарова, журналист, блогер Сырым Итқұлов баяндама жасап, аталған тақырып аясында өзекті мәселерді талқылады. 

Қатысушылар талқылау барысында әрбір қазақстандық елдегі жоспарланған саяси оқиғалардың мәнін және оның Отанымыздың одан әрі өркендеуі үшін маңызын түсінуі керек екенін айтты. Оларды табысты іске асыру үшін бүгінгі таңда ортақ мақсаттарға жету үшін қоғамды біріктіру маңызды екенін атап өтті. 

Шымкентте сарапшылар алдағы сайлау кампаниясының ерекшелігін талқылады

"Дәл қазіргі таңда Шымкентте 1 миллионнан астам тұрғын болса, солардың 569 375-і сайлауда дауыс беру құқына ие. Оның ішінде жастардың саны 122 мың шамасында. Бұған дейінгі президент және парламент сайлауы кезінде Шымкент қаласының сайлауға қатысуына келсек, парламент сайлауына қатысуы 78 пайызды құрады. Ал президент сайлауында 91 пайызды құрады. Бұған дейінгі сайлауларда Шымкентте 365 мыңнан астам сайлаушы болған. Қазір 600 мыңға жуықтаған. Бұрын 122 сайлау учаскесі жұмыс істесе, қазір 260-тан астам сайлау учаскесі сайлау науқанында жұмыс істейді. Сайлау учаскелерінің де сайлаушылардың саны артып отыр. Биылғы сайлаудың бұрынғы сайлаулардан ерекшелігі көп. Журналистер де белсенді атсалысуы қажет. Журналистердің сайлау заңдылықтарын сақтауы үшін оларға арналған брифингтер ұйымдастырып, нұсқаулық парақшаларын әзірлеп жатырмыз. Жалған ақпарат тарату, асырасілтеушіліктен аулақ болуына үндейміз. Қазір әлеуметтік желілер де үлкен ақпарат тарату құралы. Сайлау туралы жаңалық шыққалы бері әлеуметтік желі қолданушылары кемінде 2-3 пост жазыпты. Сонымен қатар кандидаттардың бәрі де облыс-қалаларды аралауға уақыты болмайтын шығар. Сондықтан да республикалық телеарналарды дебаттар ұйымдастырылса екен", - деді Айгүл Қапбарова. 

Ал журналист Сырым Итқұловтың айтуынша, бұл сайлау жастар ортасында көп талқыланып жатыр. 

Шымкентте сарапшылар алдағы сайлау кампаниясының ерекшелігін талқылады

"Мұнда әлеуметтік желілердің рөлі зор. Жастар саясатқа қызықпайды, деп айтып келген болсақ, мына сайлауда олар әрбір жаңалыққа құлақ түріп, назар аударады. Жастар бір емес, барлық кандидаттардың аты-жөнін жатқа білуінің өзі қуантады. Тағы бір ерекшелік, бұған дейін сайлауалды компания қасаң әдіс-тәсілмен жүргізіліп келсе, бұл жолы үгіт-насихат жұмыстары басқаша жүргізілмек. Мұнымен қатар кандидаттар да көп әрі алуан-алуан. Оппозицияның өкілі де бар. Сонымен қатар билік те ашық қоғам құрудың қажеттілігін түсінді", - дейді Сырым Итқұлов. 

Кездесу барысында сарапшылар Қазақстандағы алдағы сайлауалды ұйымның негізгі аспектілерін талқылады. Осы саяси процестің дамуына сараптамалық баға берілді.
 

Өзгелердің жаңалығы