Шымкентте полиция көлігі аударылып қалды

27 Мамыр 2019, 20:05
1814
Бөлісу:
Шымкентте полиция көлігі аударылып қалды

Алматы, BAQ.KZ. Шымкент көшелерінің бірінде аударылып қалған полиция көлігінің фотосы мен бейне таспаларын куәгерлер әлеуметтік желіде таратты, деп жазды Zakon.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған фактіні растап, оқиғаның қалай болғанын айтып берді.  

«Жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 8.30 шамасында Жібек Жолы мен Аймауытов көшелерінің қиылысында орын алған. Аймауытов көшесіне бағыт алған Toyota Camry маркалы көлігі Жібек Жолы көшесімен келе жатып жол берместен JAC-S5 маркалы жергілікті полиция көлігімен соқтығысқан. Жібек Жолымен қарсы бетте келе жатқан полиция көлігі Рысқұлов көшесі бағытына қарай кетіп бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көлікке де материалдық шығын келтірілді. Көлік жүргізушілері алғашқы медициналық жәрдем көрсетілген соң үйлеріне жіберілді. Көліктерде жолаушылар болмаған», - деп түсіндірді Полиция департаментіндегілер.

Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 2-бабының 610-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Өзгелердің жаңалығы