Бас жаңалықтар
Шымкентте педагогтардың 100 пайызы вакцинацияланды
01 Тамыз 2021, 07:35 586

Шымкентте педагогтардың 100 пайызы вакцинацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте педагогтардың 100 пайызы вакцинацияланды. Осылай деген қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева ұстаздардың жаңа оқу жылына дайын екенін атап өтті.

Басқарма басшысының сөзінше, қала мектептерінде 28 000 мұғалім дәріс берсе, оның 25 мыңға жуығы коронавирусқа қарсы екпе салдырған. Қалғаны денсаулығына байланысты антидот қабылдай алмайды екен.

Шымкенттің 28 мың педагогтің 25 мыңға жуығы вакцина салдырды. Ал 3 мыңдай ұстаз денсаулығына байланысты арнайы анықтамасы бар. Оқу жылына дайынбыз. Мұғалімдерге вакцина салып бастаған кезде мен өзім бастап екпе ектірген болатынмын. Содан барлық мұғалімдер жалғастырды, – деді Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.

Айта кетейік, бүгінде мегаполисте вакцина қабылдағандар саны 362 150 адамға жетті. Ал екпенің екінші компонентін 261 673 тұрғын салдырды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...