Шымкентте қойма өртенді

2 Тамыз 2020, 12:27
1498
Бөлісу:
Шымкентте қойма өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Төлеби 11 үйде орналасқан "Визит" ЖШС-не қарасты жалпы көлемі шамамен 2000 ш.м. қоймада өрт болды.

Шымкент қаласында 2020 жылғы 02 тамызда сағат 11:07-де Әл-Фараби ауданы, Төлеби көшесі бойында орналасқан "Визит" ЖШС-ның аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен алғашқы өрт сөндіру бөлімдерінің анықтағаны аталған объектіге қарасты жалпы көлемі шамамен 2000 ш.м. Қойма және жапсарласа соғылған бастырманың астында пластик бөтелке жасауға арналған шикізаттар жанған. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің көлемі шамамен 800 шаршы метр, - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.
 
WhatsApp Image 2020-08-02 at 13.01.32 (1).jpeg
Оқиға орнына №2 шақыртумен 21 техника мен 89 қызметкер жұмылдырылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

WhatsApp Image 2020-08-02 at 13.01.32.jpeg
Өзгелердің жаңалығы