Шымкентте Отан қорғаушылар күніне әскери қызметкерлерді марапаттады

6 Мамыр 2022, 17:38
3575
Бөлісу:
Шымкентте Отан қорғаушылар күніне әскери қызметкерлерді марапаттады
PHOTO

Шымкент, BAQ. KZ тілшісі. Шымкентте 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні және Қарулы күштердің құрылғанына 30 жыл толуына орай мерекелік салтанатты іс-шара өтті. 

«Түркістан» сарайындағы салтанатты жиында 17 әскери қызметкер қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Концерт театрландырылған көріністен басталып, Мемлекеттік туды әкеліп, Әнұран шырқалды. 

Шымкентте Отан қорғаушылар күніне әскери қызметкерлерді марапаттады

Содан кейін қала әкімі Мұрат Әйтенов сөз сөйледі. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтады. 

Ол Қазақстан Қарулы күштерінің ресми құрылғанына 30 жыл толса да қазақ халқының жауынгерлік рухы мен мұрасы сақтар заманына, Алтын орда кезеңінен басталатынын атап өтті. Терең тарихымызда ел билеген хандар мен батырлардың ақыл-парасаты, білек күші мен бірлігі арқасында ұлан-ғасыр жерді сақтап қалып, бүгінгі ұрпаққа жеткізгенін айтты. 

Шымкентте Отан қорғаушылар күніне әскери қызметкерлерді марапаттады

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алып, төл әскерін қалыптастырғанда ұлтымыздың терең тарихынан күш алған жауынгерлік рухымыз қайта жаңғырып, 30 жылда әскеріміз нығайды. Еліміздің Тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын, халық қауіпсіздігі мен бейбіт өмірін қорғай алатын іргелі де айбынды күшке айналды, — деді Әйтенов. 

Қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталған 17 әскери қызметкердің қатарында еліміздің қорғаныс саласына қызмет етіп, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келе жатқан азаматтар бар. 

Шымкентте Отан қорғаушылар күніне әскери қызметкерлерді марапаттады

Марапатталғандар қатарында мына азаматтар бар: 

  1. 35748 әскери бөлімінің командирі, полковник ҚАРАҒҰЛОВ Нұркен Абилхасенұлы;
  2. 31703 әскери бөлімінің командирі, полковник ВИТОВ Александр Петрович;
  3. 6506 әскери бөлімінің командирі, полковник ҚАБЫЛБЕКОВ Бауыржан Оңғарбайұлы;
  4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі департаментінің күзет басқармасы бастығының орынбасары, полковник ВИЛОНОВ Виталий Викторович;
  5. 55652 әскери бөлімінің батальон командирі, подполковник ГУЛИЕВ Хусеин Жумабаевич;
  6. 10216 әскери бөлімнің жауынгерлік қызметінің бастығы, подполковник СИДОРЕНКО Валерий Александрович;
  7. Сабыр Рахымов атындағы «Жас Ұлан» мектебі бастығының орынбасары, полковник ОРЫНБЕКОВ Пернехан Басарбекұлы;
  8. Әскери – техникалық мектебі директорының орынбасары, подполковник САУЛЕБАЕВ Бауыржан Көшербайұлы;
  9. ҚР Қарулы күштері ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары, толыстағы полковник ХАЛМУРАТОВ Реймбай Машарипович;
  10. Чернобыль Ардагерлер Одағының ардагері ТАЖИБАЕВ Мұсахан Шәріпханұлы;
  11. «Семей – Сынақ» қоғамдық бірлестігінің ардагері НҰРЛЫБАЕВ Бақытжан Лесбекұлы;
  12. Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жұмылдыру бөлімінің бастығы, подполковник ФАКИРДИНОВ Ғалымжан Азизбекұлы;
  13. 6506 әскери бөлімінің толыстағы аға прапорщигі САМАРСКИЙ Владимир Иванович;
  14. Әскери полиция басқармасының әскери полиция бөлімшесінің қызмет бастығы, майор ЗАТЫБЕКОВ Құрманбек Ғаппарбекұлы;
  15. 35748 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, майор КАПАШЕВ Самат Жақыпбекұлы;
  16. Шымкент гарнизоны Әскери прокуратурасының прокуроры,  әділет аға лейтенанты АҚТІЛЕУ Айбек Амангелдіұл;
  17. 6698 әскери бөлімінің взвод командирі, аға лейтенант ҚЫЛЫШБЕК Сапарғали Садвахасұлы марапатталады.

 

Өзгелердің жаңалығы