Шымкентте Отан қорғаушылар күні 100-ге жуық полицей марапатталды

7 Мамыр 2021, 12:15
1598
Бөлісу:
Шымкентте Отан қорғаушылар күні 100-ге жуық полицей марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте Отан қорғаушылар күні қарсаңында 100-ге жуық полицей марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы ПД-нің ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті.

Аталған іс-шарада ПД-нің бастығы Ералы Жумаханбетов арнайы құттықтау сөзін сөйлеп, халықтың мызғымас тыныштығы үшін еңбек етіп, күндіз-түні қызметте жүрген полицейлерге Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болуға шақырды.

Салтанатты шара аясында қызметтерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін, сонымен қатар «ҚР шифрлау қызметіне 100 жыл» естелік мерейтойлық медалімен Шымкент қаласы ПД бастығы Ералы Жумаханбетов марапатталды.

Сондай-ақ қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен Ерлан Бекманов, Александр Горбачев, Әбжаппар Жарасов марапатталды. Шымкент қаласындағы Дендросаябағында өз-өзіне қол жұмсамақ болған азаматты байқап, құтқарып, дер кезінде ауруханаға жеткізіп, өз қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін ҚР ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Тұрар Моллаходжаев мен Әлібек Асылбеков “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен марапатталды, - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, ҚР ІІМ тарапынан 30-ға жуық полиция қызметкеріне төс белгілері мен алғыс хаттары табысталды. Шымкент қаласы ПД-нің бастығы Ералы Жумаханбетовтың бұйрығымен 24 қызметкерге Грамота, 20 қызметкерге Алғыс хат, 17 қызметкерге Алғыс жарияланып, тоғыз қызметкердің мерзімінен бұрын тәртіптік жазасы алынған.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің шешімімен 7 мамыр “Отан қорғаушылар күні” мерекесіне орай қызметтік міндеттерін адал орындап, жоғары нәтижелерге қол жеткізгендері үшін Алғыс хатпен бес полиция қызметкері марапатталды.
Өзгелердің жаңалығы