Шымкентте өнеркәсіп саласы дамып келеді

1 Ақпан 2021, 21:40
4173
Бөлісу:
Шымкентте өнеркәсіп саласы дамып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылдың 12 айында Шымкент қаласында өнеркәсіптік өнім өндірісі 2019 жылдан бастап 12,9%-ға 654,2 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл туралы government.kz сайты хабарлады.

Эпидемиологиялық жағдай мен карантиндік шектеулерге қарамастан, өнеркәсіптік кәсіпорындар 2020 жылы үзіліссіз жұмыс істеді. 

Алайда, COVID-19 пандемиясының салдарынан экспорттың шектелуі және тұтыну нарығының тарылуы байқалды, бұл өз кезегінде өңдеу өнеркәсібіндегі тауарларға сұраныстың төмендеуіне әсер етті. Әсіресе, мұнай өңдеу өнімдерін, сусындарды өндіру, сондай-ақ жеңіл және химия өнеркәсібі кәсіпорындары зардап шекті. 

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Шымкент қаласы бойынша өткен жылы 37,7 млрд теңге сомасына 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 22 инвестициялық жоба іске асырылды. Оның ішінде кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша 30,9 млрд теңге сомасына 20 жоба іске асырылып, 1074 жұмыс орны құрылды. 

2020 жылы іске асырылған ірі жобалар: 

- «Амир-А» ЖШС металлургиялық зауыты (Sin Yuan Steel). Өндірістік қуаты — жылына 500 000 тонна сұрыпты металл илегі. Компания Қазақстан Республикасы мен Орта Азиядағы осы өнімді ірі өндірушілердің бірі болып табылады. Жоба сомасы 18 млрд теңгені құрайды. 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. 

- «Авелар Солар Технолоджи» ЖШҚ. Қызмет бағыты — қуаты 20 МВт күн электр станцияларын салу. Жоба сомасы 6,242 млрд теңгені құрайды. 

- «Рахат-Шымкент» ЖШС өндірістік алаңы. Өндірістік қуаттылығы 10 688 тонна дайын өнімді құрайтын қант және печенье өндіру желісі. Жоба сомасы 3,200 млрд теңге. 

- «Shymkent Smelting» ЖШС. Қызмет бағыты — түсті металдар өндірісі бойынша технологиялық желі салу. Өндірістік қуаты — жылына 12 000 тонна. Жоба сомасы 1,950 млрд теңгені құрайды. 200 жаңа жұмыс орны құрылды. 

- «Taza Onim» ЖШС өндірістік жылыжайы, ауданы 6 га. Өндірістік қуаты — жылына 2400 тонна қызанақ, 2400 тонна қияр. Жоба сомасы — 1,500 млрд теңге.

Өзгелердің жаңалығы