Шымкентте қонақ үй карантин кезінде жұмыс істеген

29 Шілде 2020, 06:48
1900
Бөлісу:
Шымкентте қонақ үй карантин кезінде жұмыс істеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында қонақ үй кешені карантин талаптарын бұзған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша кәсіпкерлік нысандардың карантин режимін сақталуын бақылауға алу мақсатында мобильді топ құрылған. Бірлескен топ өкілдерінің рейдтік шарасы барысында бірнеше нысанның карантин ережелерін елемегені белгілі болды.

26 шілде күні Абай ауданы бойынша жүргізілген жедел профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде Шымкент қаласы Пролетарская көшесі, №22 үйде орналасқан "Аль-Таир" қонақ үй кешені сағат 22:20 шамасында өзінің жұмысын тоқтатпағаны үшін кафе меңгерушісінен түсініктеме алынды.

Сондай-ақ, Абай даңғылы №27 үйде орналасқан "Орбита" қонақ үйінің кафесі сағат 21:30 шамасында жұмыс істеп тұрғаны анықталып, нысан әкімшісінен түсініктеме алынды.

Жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен шара көру үшін Абай аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жолданды.

Өзгелердің жаңалығы