Шымкентте муниципалды автобус паркі ашылды

19 Маусым 2019, 15:38
2200
Бөлісу:
Шымкентте муниципалды автобус паркі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте Қала күніне орай муниципалды автобус паркі ашылды. Бұл туралы жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әлеуметтік жобаның лентасын қиып, парк жұмысын аралап көрді.

Бұл - Қазақстандағы теңдессіз жоба. Автобус паркінде ЖМС, сервистік орталық, автожуу қызметі бар. Жатақхана, медпункт және жүргізушілерге арналған асхана да қарастырылған.

Тағы бір қуанышты жаңалық - Шымкентке Қазақстанда құрастырылған 300 жаңа автобус жеткізілді. Олар салқындатқыштармен, пандустармен, бейнекамералармен, жолаушылар ағынының датчиктерімен, GPS-трекерлермен жабдықталған. Автобустардың жалпы сыйымдылығы - 56 адам, ұзындығы - 8,5 метр.

Шымкентте муниципалды автобус паркі ашылды

"Біз тұрғындарға берген уәдемізді орындадық. Қалаға 300 автобус жеткізілді. Қоғамдық көлік - қаладағы ең өзекті мәселенің бірі. Жыл соңына дейін тағы 700 автобус жеткізіледі. Жалпы, қалада қоғамдық көлік саласын реформалау басталды", - деді қала әкімі Ғ.Әбдірахымов.

Қала әкімі бастаған топ автобустарға мініп көрді. Қала күніне орай №138, 153 бағыттағы автобустар жолға шықты.
Өзгелердің жаңалығы