Шымкентте медициналық туризм дамытылады

20 Ақпан 2021, 03:29
1364
Бөлісу:
Шымкентте медициналық туризм дамытылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы мен Medical Nomad Association Орталық Азиядағы денсаулық пен мәдениетті дамыту жөніндегі Швейцария қауымдастығының өкілдері арасында келісім жасалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Келісім аясында қаладағы мемлекеттік медициналық ұйымдардағы дәрігерлер Еуропа елдерінде білімін жетілдіреді және медициналық туризмді дамыту бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың айтуынша, қалада әр түрлі мамандық бойынша 4169 дәрігер бар, олардың бірқатары бүгінге дейін шет мемлекетте біліктілігін арттырған екен.

Жоғарыда жасалған келісім негізінде биылғы жылы 21 дәрігер шет елге оқуға жіберілетін болады. Дәрігерлер нейрохирургия, жалпы хирургия, офтальмалогия, отолорингология саласы бойынша біліктілігін арттырады, – дейді басқарма басшысы Бақытжан Позилов.

Басқарма мамандарының айтуынша, Еуропа елдеріне баратын мамандарға қойылатын талап – ағылшын тілінде еркін сөйлеу.

Сондай-ақ аталған компания өз қаражатынан туризмді дамыту үшін дәрігерлерді Швейцарияда оқытуды жоспарлап отыр.



Өзгелердің жаңалығы